Сүт секторын жақсартуға бизнес пен мемлекеттің әрекеттерін үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады

2013 жылдың 04 қарашасы. Алматы облысы. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық нарықты отандық сүтпен қамтамасыз ету міндеттерін іске асыру үшін тек өңдеуге жарамды шикі сүт өндірісінің көлемін көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар өнеркәсіптік өңдеуге арналған шикізат сүтті жинау мен сату көлемдерін арттыру қажет.  Бұл мәселенің шешімі табиғи шикізат сүтті алу бойынша инвестициялық жұмыстармен белсенді айналысатын «ФудМастер» компаниясының сүт қабылдау пункттерінің бірінің жұмысының мысалында айқын көрсетілген.

Өнімдерді өндірудің негізгі шикізаты - жаңа сауылған қаймағы алынбаған сүт, ол Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда жылына шамамен 4 млн. литр сауылады, бірақ сарапшылардың бағалауы бойынша, сауылған сүттің тек 30%-ы өнеркәсіптік өңдеуге түседі.  Бұл көлем елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көлемде сүт өнімдерін өндіруге жеткіліксіз.  Сүт өнімдерін өндірудің және республика тұрғындарының сауда желілері арқылы тұтыну үшін түрлі сұрыпталым ұсынылуының негізін дәл осы көлем құрайды.

Қазақстандағы сүт өнеркәсібі үшін шикізат тапшылығының себептерінің бірі ретінде сарапшылар 85% жағдайда жеке шаруа қожалықтарында орналасқан сүтті жинаудың қиындығын атап өтеді.  Елді мекендердің бір-бірінен географиялық алшақтықта орналасуына байланысты, үй шаруашылықтарынан сүт жинау жоғары шығынды. Көбінесе, алыс орналасқан фермалар үшін шығынды тасымалдау себебінен сүт өндірісі тиімсіз болып қалады.   Салыстыру үшін, егер Еуропада сүт жеткізушіден (немесе сүт тапсырушыдан) қашықтық 50 км-ден аспаса, Қазақстан жағдайында сүтті қайта өңдеу кәсіпорнына дейінгі арақашықтық 600 км-ден асуы мүмкін.

- Жиналатын шикізат көлемін ұлғайту бойынша міндеттері ауылдық жерлерде сүт қабылдау пункттерінің желісін құру шараларын қажет етеді.  Бұл шикізат жетіспеушілігін төмендету тұрғысынан да, шикізат сапасын жақсарту, сүт мал шаруашылығын дамыту қажеттілігі тұрғысынан да маңызды, — деді Қазақстанның Сүт одағының сарапшысы, Лидия Михеева. Сүт қайта өңдеуге жарамды болуы өте маңызды, өйткені қауіпсіз және құнарлы тамақ өнімдерін өндіру үшін белгілі бір сападағы шикізатты ғана қабылдауға болады.

Сүт қабылдау пункттері сүтті қабылдауға, тазартуға және салқындатуға арналған, бұл сүтті қайта өңдеу кәсіпорнына тапсырғанға дейін шикізаттың сапасын сақтайды.  Сүт қабылдау пунктінің болуы сонымен бірге сүтті жинауға кететін шығындарды азайтады, демек, болашақта өнімнің өзіндік құнын да төмендетеді.

— Біз үшін шикізат сапасы бірінші орында.  Сүт туралы айтатын болсақ, сапа дегенде біз оның микробиологиялық тазалығын түсінеміз    сүт қабылдау пунктін құрудың арқасында бұл көрсеткіш жақсарды.  Сауғаннан кейін дереу сүтті 4 ° C-қа дейін салқындатып, оны сүт зауытына жеткізгенге дейін және жеткізген кезде осы температурада сақтау керек.  Тазалық кепілі, демек сүттің сапасы - бұл сауу мен салқындатудың басталуы арасындағы ең қысқа мерзім.  Мұның бәрі сүтті өндіру циклын және сүт өндірісінің барлық кезеңдерінде шикізатының сапасын бақылауды қамтамасыз етеді: жайылымдар мен жемшөптерден бастап сүтті сақтау мен зауытқа жеткізуге дейін.  Сүтті жинау және тасымалдау кезінде гигиеналық стандарттарға неғұрлым көп көңіл бөлінетін болса, соғұрлым бұл сүт біздің қатаң іріктеу критерийлерінен өтіп, «ФудМастер» өнімдеріне негіз бола алады, — деп түсіндіреді «ФудМастер» Компаниясының сүтті дайындау бөлімінің бастығы Мадина Валеева.  Компания өзінің мақсаты ретінде жоғары сапалы өнім өндіруді қоя отырып, бүкіл Қазақстан бойынша жоғары сапалы табиғи шикізат алу үшін сүт қабылдау пункттерін құруға қаражат салады.

Сүт қабылдау пунктінің негізі - сүтті салқындатқыш-резервуарлар.  Бұл жабдық сүтті қажетті температураға дейін салқындатуға және оны келесі қайта өңдеуге дейін сақтауға мүмкіндік береді.  «ФудМастер» сүтті қабылдау пункттерін көлемі 1, 2 ден 1,6 тоннаға дейінгі Францияда өндірілген салқындатқыш сауыттармен жабдықтайды.  Бүгінгі таңда Компанияның қолдауымен Қазақстан бойынша сүт қабылдау пункттері желісінің дамуы 353 салқындатқыш орнатылған Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы 173 шаруа қожалықтарын қамтиды.

Сондай-ақ, сүт өңдеуші зауытқа шикізатты арнайы көлік - сүт тасушысымен тасымалдау түрінде ауылшаруашылық өндірушісіне тікелей көмек көрсету үшін жауап береді.  «ФудМастер» сүт шикізатын  фермерден қайта өңдеу кәсіпорнына тасымалдау кезінде үздіксіз суық тізбекті сақтау мақсатындағы сүтті автоматты түрде жуатын және салқындататын арнайы Рено және Man маркалы көліктерінің паркіне ие.

— Сүтті қабылдау пункті - бұл сүт өндірумен айналысатын фермерліктің дамуына өзіндік қолдау, - деп түсіндіреді Алматы облысы УСҚ фермерлік шаруашылықты басқарушы, Марат Нұрмұханов. - «ФудМастер» компаниясы тек салқындатқыш сауытты жеткізіп қана қоймай, оны толығымен орнатып, сервистік қызмет көрсетеді.  Компания мамандары шаруашылық сүттің сапасын қамтамасыз етіп, мемлекеттен қосымша субсидиялар алу үшін бізбен бірге жемшөп базасын ұлғайтудың бас жоспарын құрып, сүт саууын арттыру және сүтті үйірмен сұрыптық жұмыс бойынша пәрменді ұсыныстар береді.

Сүт қабылдау пункті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек: электр, су, — сондықтан жаңадан құрылған пункттерді орналастыру үшін аумақты таңдау жергілікті Әкімдіктерге жүктеледі.  Әр түрлі сүт жеткізушілерді аумақтық қамту жұмыспен қамту және ауылдық кәсіпкерлікті қолдау үшін пункт қызметінің тағы бір маңызды аспектісі болып табылады.

Сүт жинаудың кез келген төмендеуі - бұл өңдеу көлемінің және тұтастай алғанда сүт нарығының жоғалуы.  Нәтижесінде, салық пен бюджетке түсетін түсімдердің азаюы, сүт өңдеушілер үшін де, мердігерлер ретінде жұмыс істейтін іргелес өндіріс салаларында да жұмыс орындарының қысқаруы.  Жергілікті фермерлерден сатып алудың қысқаруы жағдайында республиканың ауыл тұрғындарының 40% -ына дейін шығынға ұшырайды, бұл маңызды әлеуметтік фактор болып табылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мастер жоспарына сәйкес болашақта 2020 жылға дейін 212 сүт қабылдау пункттерін ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ 2 мың жаңадан ұйымдастырылған шағын сүт-тауар фермаларына сүт жинауға арналған 400 ірі сүт тасушыларын алуға көмек көрсету жоспарлануда.  Қабылдау пунктілерін Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында құру жоспарлануда.

Қазақстан сүт одағының сарапшылары министрліктің бағдарламасына қатысуға өтінімдер беру бастамасы салаға 20 жыл бойы өз бетінше қолдау көрсеткен және жұмыс тәжірибесі, сондай ақ, мемлекеттік қаражаттандыру туралы ережелерге сәйкес кепілдіктің жеке қаражаттары бар қайта өңдеу кәсіпорындары тарапынан да, ауылдық кооперативтер мен жеке жеткізушілер тарапынан да орындалуы тиіс, — деп санайды Л.Михеева. — Сүт секторындағы жақсартуларға бизнес пен мемлекеттің әрекеттерін үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады.

Қазақстанның сүт Одағының бағалауы бойынша, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті өндіріс өнімдері ішкі нарықтың кем дегенде 80% -ын иемденуі керек, бұл туралы ел Президенті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің қатарында көрсеткен болатын.  ҚСО бұл нәтижеге жету және өндірістің тұрақты күйін сақтау шаралардың бүкіл кешенін, соның ішінде мемлекеттің қолдауымен сүт қабылдау пунктілері желісін дамытуды енгізу жағдайында мүмкін болатынына сенімді.

АНЫҚТАМА:

Қазақстанның сүт одағы дәстүрлі түрде сүт өнімдерін шығаратын және Қазақстанда өндірілетін тауарлық сүттің 60% -нан астамын өңдейтін ірі кәсіпорындарды біріктіреді.

Алматы облысының УСҚ фермерлік шаруашылығы шағын ферма мәртебесіне ие, онда түрлі тұқымды 700 ірі қара малы бар, оның 150-і сауын сиыр.  Негізгі табыс - көлемі күн сайын 1 600 кг-мен қамтамасыз етілетін сүтті тапсыру.  Фермерлік қызметтің табыстылығын қамтамасыз ету үшін мал азығы базасын дамыту жұмыстары жүргізілуде, соған байланысты оларға тиесілі жерлерге мал азықтық дақылдар егілуде. Шаруашылық сүттің бір литрі үшін 10 теңге көмекқаржы алады.  Мал шаруашылығымен айналысатын институтпен бірге табынды дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

«ФудМастер» компаниясы сүтті өндіру мен қайта өңдеудің толық циклын, Қазақстанда табиғи сүт өнімдерін өндіру бойынша тамақ өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз етеді.  Соңғы 4 жылда компанияның дамуға салған жалпы инвестициясы 3,5 млрд. теңгені құрады.  Ал аграрлық секторға салынған инвестициялар соңғы 6 жылда 239 миллион теңгені құрады, оның 88 миллионы фермерлер мен сүт дайындаушыларына тегін берілетін салқындатқыш цистерналарға бөлінді, және 150 миллион теңге - заманауи сүт тасымалдаушылар паркін кеңейтуге бөлінді.  Тек соңғы 2013 жылдың ішінде сүт тасымалдаушыларға салынған инвестиция 184 млн. теңгені құрады.    Жыл соңына дейін жаңа салқындатқыш цистерналарды сатып алуға 22 млн. теңге жұмсалады.    Мал азығын өндіру және сүт мал шаруашылығын дамыту, өз фермаларынан да, дайындаушылардан да бүкіл Қазақстан бойынша сүт қабылдау пункттерінің желісін дамыту арқылы тек жоғары сұрыпты сүт алу, Есік, Павлодар және Шымкент зауыттарында, негізінен, Ultra fresh санатында сүт өнімдерін өндіру (тоңазытқышта сақтауды талап ететін 30 күннен аспайтын тірі өнімдер), өнімді бүкіл Республика бойынша жеткізу.