ФудМастер компаниясының барлық кәсіпорындары 10.01.22 ж. бастап штаттық режимде жұмыс істейтінін қуана хабарлаймыз. 04.01.22 ...
Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) еліміздің агроөнеркәсіптік секторындағы көптеген жеке кәсіпорындарды тартуға бағытталған талпынысында Қазақстанның тамақ өнеркәсібі секторындағы жаңа жобаны қаржыландырады.
ЕҚДБ 2014 жылдан бастап әлемдегі ірі сүт өнімдерін өндіруші болып табылатын халықаралық Lactalis тобының бір бөлігі болып табылатын Қазақстандағы озық ФудМастер сүт компаниясына 15 млн Еуроға тең көлемде теңгемен кредит берді.
Компания ЕҚДБ кредитін үш сүт өңдеу зауытын жетілдіруге, жаңа сүт қабылдайтын пункттерді салуға және екі жеке тауар-сүт фермасын жабдықтауға жұмсайды. Сондай-ақ сүт таситын көліктер мен жүк автокөлігі рефрижераторлардың паркін ұлғайту және айналымдағы капиталды қаржыландыру жоспарланып отыр. Бұл инвестициялық бағдарлама ФудМастердің өндіріс көлемін арттыруға, Қазақстанның сүт өнімдерін озық халықаралық стандарттарға сәйкес жақсартуға, сондай-ақ Қазақстан тұтынушыларына арналған өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
ФудМастерді 2004 жылы шикі сүт жинау және ірімшік өндіру жағынан әлемдік көшбасшы болып табылатын Лакталис компаниясы сатып алған, сол кезден бастап Қазақстандағы озық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Қазақстан – Лакталис сүт жинап, әрі қарай өңдеп қана қоймай, сондай-ақ сүт фермалары бар әрі оларды басқаратын әлемдегі бірден-бір мемлекет.
Осы аптада Астанада келісімге қол қою барысында ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти мырза былай деп атап өтті: «Тура бір жыл бұрын Астанадағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде ЕҚДБ агроөнеркәсіптік секторды қаржыландыруды ұлғайтады деп жариялаған болатынмын, Қазақстан үшін бұл істің стратегиялық маңызы зор екенін де назарға алдық. Бүгін біз сүт саласындағы алғашқы жобамызға қол қойып отырғанымызға ризамын».
ЕҚДБ өнеркәсіп, сауда және агробизнес бойынша басшының м.а. Жиль Меттетал «Біз Президент ірімшігі және майы сияқты атақты брендтерімен танымал Лакталис компаниясының Қазақстан тұтынушыларына жоғары қосымша құнмен сүт өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайтуға деген ұмтылысына қолдау көрсеткенімізге ризамыз» деп толықтырды.
Лакталис – ФудМастер Қазақстанның бас директоры Арман Алдабергенов «Бұл жобаның компаниямыз үшін маңызы зор. Lactalis-тің бүкіл әлем бойынша саясатына сәйкес, инвестициялардың барлығы біздің сүт қабылдайтын пункттерімізді дамытуға, қазіргі таңда фермадан бөлшек саудаға дейінгі барлық кезеңдеріндегі сапаны бақылау жүйесі бар Қазақстандағы сүт өнімдерін өндіретін ең заманауи кәсіпорындар болып табылатын үш зауыттың барлығын әрі қарай жаңартуға бағытталады. Бұл қадамдардың барлығының мақсаты бір: тұтынушыларымызды табиғи сүттен өндірілген жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету және Лакталис өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деп атап өтті.
ЕҚДБ Қазақстанның сүт саласын тікелей қаржыландырумен қатар, Фудмастердің кәсіби ноу-хауға кіруіне қолжетімділік беріп отыр. ЕҚБД БҰҰ-ның (ФБА) азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымдарымен бірге Қазақстандағы сүт өндіру және жинауды жетілдіру бойынша жеке компанияларымен техникалық ынтымақтастық жасау бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама аясында жануарларды азықтандыру, ауылшаруашылық өндірісін басқару, сапа стандарттары және жинау жүйесі бойынша тренингтер өткізіледі. Олардың мақсаты – жергілікті өндірушілерге сүтті өңдеу процестерін жақсартуға көмектесу. ФудМастер компаниясы осы сияқты кейбір технологияларды енгізуді бастады.
Қазіргі таңда ЕҚДБ инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және қаржы саласында 200-ден аса жоба аясында €6,5 млрд аса қаражатты инвестициялады. 2015 жылы ЕҚДБ елімізге €700 млн аса инвестиция салды, оның ішінде шамамен €120 млн – агроөнеркәсіптік секторға жұмсалды.