ФудМастер компаниясы штаттық режимде жұмыс істейді

ФудМастер компаниясының барлық кәсіпорындары 10.01.22 ж. бастап штаттық режимде жұмыс істейтінін қуана хабарлаймыз. 04.01.22 ж. дейін келіп түскен өтінімдерді қызметкерлер жақын арада түзетіп, өңдейді. «Қоймаларымызда өнім жеткілікті. Біз байланысты қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз және барлық қолжетімді байланыс арналары бойынша сауда орындарынан өтінімдерді қабылдауды бастадық», – деп хабарлады ФудМастер компаниясының бас директоры Арман Алдабергенов.

 

Анықтама үшін

2004 жылдан бастап ФудМастер (Қазақстан) компаниясы Lactalis (Франция) тобының бір бөлігі болып табылады. ҚР аумағында ФудМастердің үш зауыты, екі меншікті сүт фермасы және филиалдардың дамыған желісі бар. ФудМастер компаниясында 1600-ден аса  қызметкер жұмыс істейді.

Көптеген жылдар бойы ФудМастер компаниясы елдің сүт секторын тиімді дамытып келеді. Бүгінгі таңда компания 100-ден аса фермалармен, фермерлік шаруашылықтармен және шикізат жинау пункттерімен жұмыс істейді.

 

Баспасөзге арналған байланыс:

Алена БИРУЛЯ

Ұялы телефоны: + 77019555570

E-mail: Alena.BIRULYA@kz.lactalis.com