ФудМастер компаниясының барлық кәсіпорындары 10.01.22 ж. бастап штаттық режимде жұмыс істейтінін қуана хабарлаймыз. 04.01.22 ...
15.11.13 жылы. Алматы Алғаш рет «WorldFood Kazakhstan 2013 Үздік Өнімі» Тағам өнімдері мен сусындардың кәсіби түрде дәмін татудың дәстүрлі Байқауында өнім атауларының рекордтық саны ұсынылды. Осы жылы кәсіби қазылар алқасына 132 өнім атауы ұсынылды. Ең көп ұпай саны бойынша 35 санатта жеңімпаздар анықталды. «WorldFood Kazakhstan-2013» Гран-приі екі қатысушыға - «Цесна» ұн тарту компаниясы мен «ФудМастер» сүт өндірушісіне берілді.
16 жыл ішінде жүздеген өндірушілер жыл сайынғы «WorldFood Kazakhstan» Халықаралық Орта Азиялық көрмесі аясында үздік деп аталу құқығына сыналды. Қарашаның 6 мен 8 аралығында үш күн ішінде тамақ өндірісі саласындағы мамандар шетелдік және отандық тамақ өнеркәсібінің үздік үлгілерінен дәм татты. Дегустациялық комиссияны Қазақ тамақтану академиясының вице-президенті Юрий Синявский басқарды.
Отандық өнімді артық көретін қазақстандықтардың үлкен қуанышына біздің сүйікті маркаларымыз жоғары бағаға ие болды. Барлық ұсынылған үлгілердің жартысына жуығы алтын медальмен марапатталды. «WorldFood Kazakhstan-2013» Гран-приі екі қатысушыға - «Цесна» ұн тарту компаниясы мен «ФудМастер» сүт өндірушісіне берілді. «Цесна» маркалы макарон өнімдерін, ұн мен жармаларын әр үйде біледі және жақсы көреді. Балғын President сүзбесі мен «Домашняя» қаймағын тұтынушылар да, мамандар да керемет дәмі мен тұрақты сапасы үшін ұнатады. Енді «ФудМастер» ұсынған жаңа өнім - «Локо Моко» балалар айрандары, сүзбешелері, йогурттары және сүт коктейлдері де тамақтану саласындағы сарапшылардың мақұлдауына ие болды.
«WorldFood Kazakhstan 2013 үздік өнімі» дегустациясының нәтижелері және көрме туралы ақпарат сіздің назарыңызға ресми сайттарда орналасқан: www.iteca.kz, www.worldfood.kz
Қазақстандық «Iteca» көрме компаниясы ITE Group Plc. (Ұлыбритания) халықаралық көрме компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі серіктесі болып табылады. ITE Group Plc. штаб-пәтері Лондонда орналасқан, әлемнің әр түкпірінде жұмыс істейтін көрмелер мен конференцияларды ұйымдастыру бойынша компаниялар мен агенттіктердің бірігуі болып табылады. Қазақстандық «Iteca» компаниясы өзін Орталық Азия аймағында көрмелер мен конференциялардың жетекші ұйымдастырушысы ретінде танытты. Компания жыл сайын 35-ке жуық экспо-шараларды өткізеді. Iteca тақырыптық шаралары экономика секторының 22 түрлі саласын қамтиды. Дүниежүзілік көрме индустриясының қауымдастығы (UFI) «Iteca» көрмелеріне «UFI Approved Event» белгісін тағайындады, бұл іс-шаралардың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, олардың бизнестің дамуы мен саланы қалыптастыруға әсерін көрсетеді, сонымен қатар статистиканың сенімділігін растайды.