FoodMaster компаниясының қызметкері бола отырып, сіз халықаралық Lactalis компаниялар тобының бір мүшесіне айналасыз. Бүгінде Lactalis командасында әлемнің 94 елінен 85 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.

Адамдар – компанияның басты құндылықтарының бірі. Қарапайымдылық, өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігі, сыйластық пен сенім – біздің қызметкерлерімізді біріктіретін басты құндылықтар. Халықаралық деңгейде қарқынды өсіп келе жатқанына қарамастан, Lactalis отбасылық компанияның символы болып табылатын құндылықтарды берік сақтап келеді.

Бүгінде Lactalis - бірге өсуді мақсат еткен және сүт өнімдері саласындағы баға жетпес тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа тарататын әлемдік деңгейдегі командамыздың ортақ жеңісі.

Мансаптық даму – қызметкердің жауапкершілік аймағы, ал оның біліктілігін арттыру – Топтың барлық бөлімшелеріндегі HR департаменттерінің басты басымдығы. Мұндай көзқарас оқыту бағдарламаларымен қатар әр қызметкерге өз дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

Lactalis тобы - жергілікті деңгейде жұмыспен қамтудың халықаралық стандарттарын қолдайтын жауапты жұмыс беруші.

Әрбір қызметкер үшін Қазақстандағы Lactalis компаниясында, сондай-ақ Lactalis компаниялар тобының халықаралық бөлімшелерінде біліктілікті арттыру мен мансаптық өсуге барлық жағдай жасалған.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Өршілдік

Біз табысқа жетуге, кәсіби дамуға ұмтылатын және алдына өршіл мақсаттар қоя білетін қызметкерлерді іздейміз

Ынталылық

Әрбір қызметкер жұмысқа ерекше құлшыныспен және белсене атсалыса отырып, компанияның өсуі мен өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс.

Кішіпейілділік

Біз үшін әрбір қызметкердің парасаттылығы, әріптестеріне деген қамқорлығы мен ілтипаты, тыңдай білу қабілеті және адалдыққа негізделген қарым-қатынас орната алуы, сондай-ақ ашық болып, адамдармен тез тіл табыса алуы өте маңызды

БІЗ – БІЛІМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КОМПАНИЯМЫЗ

  • Әрбір екінші қызметкер өз дағдыларын дамыту мүмкіндігін өзінің жұмыс ортасындағы құнды нәрсе ретінде қабылдайды.
  • Қызметкерлер күн сайын жаңа нәрсені білу

ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ДАМУЫНА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

  • Компания ішіндегі мансаптық өсу — біздің кадрлық саясатымыздың негізгі аспектісі.
  • Басқарушы позициялардың 70%-дан астамы — компания ішінде өскен мамандар.
  • Бос жұмыс орындары туралы ұсыныстар алдымен біздің ішкі порталдарда, содан кейін ғана үшінші тарап ресурстарына жарияланады.

ОРТАҚ МАҚСАТ ЖОЛЫНДА БІРГЕМІЗ

Lactalis қызметкерлерін біріктіретін жұмысқа деген ерекше құлшыныс әрқайсымызды кәсіби дамуға шабыттандырады. Ал компанияның кадрлық саясаты әр қызметкерге алдын ала белгіленген мансаптық жоспармен шектелмей, өз қабілеті мен қалауына қарай өз бетінше дамуға мүмкіндік береді

«PEPINIERE» ДАРЫНДЫ ЖАНДАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БАҒДАРЛАМА МИССИЯСЫ: Жас түлектерді жұмылдыру және олардың құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету, бұл біздің бизнестің үздіксіз өсуіне қолдау көрсетуге қажет тәжірибені жалғастырудың кілті.

«PEPINIERE» - бұл түлектерге бизнестің таңдалған бағыты бойынша шексіз мүмкіндіктер ашатын оқытудың және тәжірибе алудың қарқынды, теңдестірілген бағдарламасы. Бағдарлама аясында әрбір қатысушы негізгі жобаларға білек сыбана кірісіп, әріптестерінің қолдауын сезінеді, сондай-ақ баға жетпес тәжірибе жинақтап, қол жеткізген нәтижеден ләззат алады.

Бізге қандай мамандар қажет?

  • Біз төмендегі мамандықтар бойынша білім алған түлектерді және 3-4 курс студенттерін жұмысқа шақырамыз: стандарттау / сертификаттау: тамақ өнімдерінің метрологиясы мен технологиясы; агрономия, биотехнология; ветеринарлық санитария; жүйелік басқаруды автоматтандыру; қаржы.
  • Компаниямен бірге кәсіби өсіп, дамуды қалайтын жандар.
  • Ағылшын немесе француз тілдерін жетік білетін (кем дегенде Intermediate деңгейі).

ІРІКТЕУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

  • Түйіндемеңізді жіберіңіз, біз сіздің жетістіктеріңізді, тәжірибеңізді объективті түрде бағалаймыз да, сізге электронды хат түрінде жауап береміз.
  • Онлайн-сұхбаттан, қажет болса тестілеуден өтесіз. Өзіңіздің қабілетіңізді және ағылшын немесе француз тілдерін білетіндігіңізді көрсетіп, болашақ жұмысыңыз туралы толық ақпарат алыңыз
  • Сұхбат-кездесуге келіңіз: сіздің болашақ жетекшіңіз сізбен танысады. Бұл сіздің Lactalis компаниясындағы миссияңыздың бастауы болуы мүмкін маңызды әңгіме.
  • Бағдарламаға қатысуға шақыру алыңыз.

«PEPINIERE JUNIOR» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  • Студенттер, университет түлектері
  • Оңай бейімделу және даму қабілеті
  • Жасы 19–25 жас
  • Lactalis құндылықтарына сәйкес келу

БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ

  • Барлық кезең үшін бір позиция
  • Дамудың жеке жоспары
  • Жұмыс орнында тәлімгерден үйрену
  • Тағылымдама мерзімі 6 айға дейін
  • Барлық кезеңдегі баға және пікірлер

БАҒДАРЛАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША

  • Ротация бағдарламасы
  • PEPINIERE EFA Студент
  • Тұрақты қызметкер (бағдарлама кезеңі аяқталғаннан кейін)

«PEPINIERE ROTATION» БАҒДАРЛАМАСЫНА ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  • Студенттер, университет түлектері
  • Оңай бейімделу және даму қабілеті
  • Жасы 19–25 жас
  • «PEPINIERE JUNIOR» бағдарламасынан өту

БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ

  • Түрлі бөлімдердегі үш позиция
  • Дамудың жеке жоспары
  • Түрлі тәлімгерлермен жұмыс істеу орнында үйрену
  • Тағылымдама мерзімі 6 айдан (әр лауазым үшін) 1,5 жылға дейін
  • Әр тәлімгерден барлық кезеңге арналған бағалау және кері байланыс

БАҒДАРЛАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША

  • PEPINIERE EFA Студент
  • Тұрақты қызметкер (бағдарлама кезеңі аяқталғаннан кейін)

Жетістіктер тарихы

R&D

2004 – 2008 жылдар аралығында «Сүт және сүт өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша оқып жүргенімде Lactalis Foodmaster компаниясы Қазақстандағы жетекші өндірістердің бірі болатын. Оның жоғары деңгейі мен жаңашыл тәсілі бірден назарымды аударды. Мен оны кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік беретін болашағы зор жұмыс орны ретінде көрдім. Сол кезде-ақ осы компанияның бір мүшесі боламын деп алдыма мақсат қойдым.
Команданың бір мүшесі болғаннан кейін мен еңбек жолымды ЕСІК зауытында сүт қабылдайтын зертханашының көмекшісі ретінде бастадым. Біртіндеп кәсіби тұрғыда өсіп, зертханашы, микробиология зертханасының қызметкері, сапаны бақылау және НАССР жөніндегі менеджер лауазымдарын атқарып жүріп дамыдым. Кейін сапа бөлімінің жетекшісі болдым, одан соң өндіріс меңгерушісі және Павлодар зауытының директоры қызметіне көтерілдім. 2023 жылы жаңа өнімдерді әзірлеу және дамыту жөніндегі директор (R&D) қызметіне ауысып, инновацияларды енгізу бағытында жұмыс істеп келемін.
Мені не шабыттандырады? Біріншіден, өндіріс процесі — сүттің сапалы өнімге айналу барысын бақылау. Екіншіден, компаниямыз шикізаттан бастап дайын өнімді жеткізуге дейінгі толық өндірістік тізбекті қамтиды. Алайда мен үшін ең құндысы — адамдар: мықты, кәсіпқой және өз ісіне адал, әсіресе, өндірістегі әріптестерім. Менің басты кеңесім — адамдарды және олардың еңбегін құрметтеңіздер, қиындықтан қорықпаңыздар және әрдайым жақсы нәрсеге ұмтылыңыздар. Жауапкершілік пен даму жолындағы талпыныс жетістікке жетелейді.

Айжан
R&D
Маркетинг
департаменті

Менің Фудмастер-Лакталис компаниясына қосылуыма түрткі болған негізгі себеп — жобалардың алуан түрлілігі мен бренд-маркетингтің толық циклінде жұмыс істеу мүмкіндігі. Мен үшін стратегия мен концептіні әзірлеуден бастап инновациялық өнімдерді іске қосуға дейін ғана емес, зерттеу жүргізуден бастап жарнамалық роликтерді түсіргенге дейінгі барлық кезеңде оған әрі қарай қолдау көрсетуге қатысу өте маңызды болды. Бұл түрлі бағытта дамуға, маңызды нәрсе жасауға берілетін бірегей мүмкіндік. Компанияда жұмыс істегеніме 10 жыл болды және мен Фудмастер-Лакталис тәрбиелеген, компаниямен бірге өсіп, бірге дамыған «баламын» деп сенімді түрде айта аламын. Менің кәсіби жолым дәл осы жерде басталды, сол үшін шексіз ризамын. Мұнда жинаған тәжірибемді бір-екі сөйлеммен сипаттау мүмкін емес, ол баға жетпес әрі аса қымбат дүние. Алайда бұл компанияны бәрінен бұрын жақсы көретін себебім — осында еңбек ететін адамдар. Жаңадан келген әріптестеріме айтарым: өз ісіңді шынайы жақсы көр, әр жұмысыңды ар-ожданыңмен атқар, сонда компания саған ойлағаныңнан да артық мүмкіндік береді!

Ольга
Маркетинг
Корпоративтік және заң мәселелері жөніндегі департамент

Мемлекеттік органдарда бірнеше жыл жұмыс істеген соң Фудмастер-Лакталис жеке компаниясына алғашқы рет жұмысқа орналастым. 2010 жылы мен заңгерлік консультант қызметіне қабылдандым. Мені Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі тарихы бай компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі қызықтырды. Фудмастер-Лакталистің әлеуметтік маңызы зор қызметі әр қызметкерге пайдалы әрі маңызды жобаларға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Бизнес-процестермен танысып, мүлде жаңа саланы зерттеу мен үшін үлкен қызығушылық тудырды. 2017 жылы өзімді жаңа жобалар мен компанияларда сынап көруге шешім қабылдадым. Бірнеше жыл өндірістік және сауда бағытындағы кәсіпорындарда еңбек етіп, 2023 жылы Фудмастер-Лакталиске қайта оралдым. Бүгінде мен компанияның күшті тұстарын салыстыра отырып, анық көре аламын. Компания құрамындағы кәсіпорындар тобының қаржылық тұрақтылығы мен ұзақмерзімді жұмысқа орналасу кепілдігі – ертеңге сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Жұмыс орнындағы жағымды атмосфера мен жоғары сапалы өнімдер – кәсіби өсуге және еңбек нәтижесінен қанағат табуға себеп болатын тағы бір артықшылық. Бәрінен бұрын мен компания ұжымындағы тамаша адамдарды жоғары бағалаймын. Әріптестер арасындағы жылы шырай, ілтипат пен кәсіпқойлық тиімді жұмыс істеуге септігін тигізетін жайлы әрі қолдау көрсететін орта қалыптастырады. Өзара құрмет пен түсіністік командалық рухты нығайтып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңадан келген әріптестерге айтарым: Фудмастер-Лакталис компаниясының корпоративтік мәдениетімен және құндылықтарымен мұқият танысыңыз. Бұл жаңа ортаға тез бейімделуге, жұмыс үдерісін дұрыс түсінуге көмектеседі. Сұраудан ұялмаңыз, себебі әріптестер әрдайым көмектесуге және тәжірибесімен бөлісуге дайын. Жайдары мінез бен үйренуге деген құлшыныс жұмысқа кірісу процесін әлдеқайда жеңілдетеді. Әрине, ұсақ-түйекке мұқият болып, жұмыста жоғары сапа стандарттарын ұстану әрдайым маңызды.

Станислав
Заң департаменті
Жабдықтау
департаменті

FoodMaster - Lactalis компаниялар тобына кіретін ірі өндірістік компания. 2012 жылы мен Кіші жоба менеджері қызметіне орналасқанда бұл жерде сатып алу саласында үлкен тәжірибе жинап, кәсіби тұрғыдан өсе алатынымды түсіндім. Сатып алу департаменті - бұл қызмет көрсету құрылымы. 2018 жылдан бастап мен Direct санатының Сатып алу тобының жетекшісімін. Біздің ішкі тапсырыс берушілеріміз (Индустриалды топ, Әзірленімдер департаменті, Маркетинг департаменті және т.б.) толығымен қанағаттануы үшін нәтижелі жұмыс істеуіміз керек. Ортақ оң нәтижеге қол жеткізу – менің жұмысымдағы ең сүйікті сәт. FoodMaster-Lactalis компаниясына жаңадан келген жандарға тілерім: жауапкершілік алудан қорықпаңыз, өз жұмысыңызды құлшыныспен жасаңыз, өз құзыретіңізді жетілдіріңіз, сонда бәрі ойдағыдай болады!

Анастасия
Сатып алулар
Персоналды басқару жөніндегі департамент

- Әрине, мінсіз бедел — маңызды фактор. Мен танымал компанияда жұмыс істегеніме өте қуаныштымын және мақтан тұтамын. Сондай-ақ тағы бір өте маңызды факт - бұл үлкен тату-тәтті топ, мұнда барлығы ілтипатты, қашанда жылы шырай танытып тұрады. Мен 2007 жылы Алматыдағы FoodMaster-Lactalis компаниясының Логистика бөлімінің операторы ретінде жұмыс істей бастадым. Сонда қызметкерлердің кері байланысы бойынша мен компания бастамаларды құптайтындығын және корпоративті оқыту жоғары деңгейде дамығанын, ал күш-жігер мен алдына қойған міндеттердің орындалуы әр қызметкердің нәтижелерімен және үлесімен бағаланатынын білдім. Бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін мен Коммерция бөлімінің менеджері болып тағайындалдым, ал 2011 жылы ұйымның техникалық қолдауымен айналыстым. Менің жұмысымда бұрынғы тәжірибе мен білімді қолдану үшін компания беретін мүмкіндіктер маңызды. 2014 жылдан бастап маған Далалық оқыту жөніндегі менеджер, ал 2016 жылы Тренинг менеджері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі берілді. Қазір 2020 жылы мен Talent-менеджерімін, командамыздың практикалық нәтижелері мені қуантады. Әрекетсіз ақпараттың күші жоқ. Сондықтан адамдардың бойындағы оң өзгерістерді бақылау және олардың жақсы нәтижеге жетуіне түрткі болу — мен үшін өте қызықты. Жаңадан келген жандарға әрдайым келесідей кеңес беремін: қызығушылығыңызды жоғалтпаңыз, қол жеткізген жеңісіңізбен тоқтап қалмаңыз, әрдайым алға ұмтылатындай күш-жігеріңіз болсын, оптимизм сезімін дамытып, өзіңіздің жақсы қырларыңызды біліңіз!

Гульжахрам
HR
Логистика департаменті

FoodMaster-Lactalis - бұл сүт нарығында ұзақ тарихы бар компания, әлі күнге дейін осы салада жетекші орынға ие. 2007 жылы мен Логистика бөлімінің операторы қызметіне келдім, бірнеше айдан кейін мен Клиенттермен кері байланыс жөніндегі менеджер қызметіне тағайындалдым, ал 2008 жылы Қойма есебі менеджері болып жұмыс істедім. Компания өзін-өзі дамыту үшін жаңа білім алуға барлық мүмкіндіктерді береді. Соның арқасында 2013 жылы мен жоспарлау бөліміне Аға продакт менеджері ретінде ауыстым, ал 2016 жылдан бастап ел ішінде де, шетелде де әр зауытпен тығыз жұмыс жасай отырып, мен Қазақстанның барлық қалаларын сүйікті өнімдеріммен қамтамасыз ету жұмысына жауап беремін. Жұмыстың ұнайтын жағы - жаңа өнімді шығаруға үлес қосып, бір командада бір адамдай жұмыс жасау. FoodMaster-Lactalis компаниясына қосылған барлық жаңадан келгендерге компанияның болашағына сенуге кеңес беремін, сенім компанияның және болашағыңыздың гүлденуіне көмектеседі.

Зайнатбуби
Логистика
Сүт дайындау департаменті

FoodMaster компаниясындағы еңбек жолым 2007 жылы басталды, менің қызметім сүтті дайындау бөлімінің диспетчер-менеджері болды, ал 2008 жылы логист болып жұмыс істедім. Зауытқа сүт үзіліссіз жеткізіліп тұруы үшін осындай жұмыстан бастадым. 2009 жылы аймақтық менеджер болып тағайындалдым. FoodMaster-Lactalis компаниясының арқасында фермерлермен бірге сүт туралы, сапа туралы көбірек біле бастадық, біз сападағы барлық жаңалықтарды енгіздік, шағын шаруа қожалықтарының орта фермаларға дейін өсуіне көмектестік, түрлі қызықты жобалар енгіздік. 2013 жылдан бастап мен МСБ басшысы болдым, мен мұнда тек көшбасшылық қасиеттерімді ғана емес, қайсарлық пен табандылық, тез үйрену қабілетімді көрсеттім. FoodMaster компаниясы көшбасшы ғана емес, бөлім жетекшісі болуды үйретті. Осының арқасында біз Компаниямыздың саясатына сүйене отырып, сүт жинау бойынша шегарамызды кеңейтіп, сапасын арттырдық. 2017 жылы мен Сүт дайындау департаментінің директоры болып тағайындалдым. Мықты ұжым мен тәлімгерлерімнің арқасында біз жыл сайын сүт сапасын жақсартып, шикізат көлемін көбейтіп келеміз. Мен Әлемдегі сүт өнімдерінің көшбасшысымен бірге өсіп жатырмын! Адамдармен жұмыс істеу - жұмысымның ең жақсы қыры. Мен Майкл Джорданның «Дарынды адам ойындарда жеңіске жетеді, ал командалық жұмыс пен интеллект чемпионаттарда жеңіске жетеді» деген сөзін үнемі айтып жүремін. «Жалғыз жүрсек, азғантай нәрсе жасай аламыз, ал біріксек кез келген мақсаттарға қол жеткіземіз» Хелен Келлер.

Мадина
Сүт жинау
Қаржы департаменті

- Оқуды бітірген соң ірі компанияда жұмыс істегім келді. 2001 жылы FoodMaster компаниясы ең ірі компаниялардың бірі және сүт өнімдері нарығында көшбасшы болғандығы сөзсіз. Сұхбаттан өткеннен кейін мен компанияда қалып, хатшы-референт ретінде тәжірибе жинау үшін барлық күш-жігерімді жұмсадым. Үнемі жаңа нәрсені білуге, әртүрлі бөлімдерде жұмыс істеуге талпындым, сөйтіп жүргенде маған мүмкіндік берілді: 2002 жылы қызметкерлер жөніндегі әкімші, 2003 жылы - Кадрлар бөлімінің бастығы, 2004 жылы - Орталықтандырылған жеткізілімдер бөлімінің менеджері, 2007 жылдан бастап қаржылық бақылаушы қызметтерін атқардым. 2011 жылы мен Қаржы директоры болып тағайындалдым. Lactalis компаниясының негізгі іскерлік мәдениеті - ұсақ-түйектерді меңгеру. Қаржы бөлімі компанияның бухгалтерлік есебі мен есептілігін жүргізу ғана емес, бұл күнделікті талдау және сандардың компанияның өндірістік қызметімен байланысы. Біз барлық бөлімдермен және бөлімшелермен ынтымақтастықтамыз. Терең талдау менеджерлерге дұрыс шешім қабылдауға және жоғары KPI қол жеткізуге көмектеседі. Халықаралық тәжірибе алмасу қызметтің ең маңызды көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ оларды әрі қарай бақылау мен жақсартуға мүмкіндік береді. Маған компанияның қаржылық нәтижесі мен болашағына тікелей жауапты басшы болу ұнайды. FoodMaster- Lactalis компаниясына қосылатын жаңадан келген адамға келесідей кеңес беремін: «Шыдамдықпен және еңбекпен барлығына қол жеткізе аласың». Егер кәсіби түрде жұмыс істесеңіз және өзіңізді көрсетсеңіз, сіз міндетті түрде көзге түсіп, компания сізді әрі қарай дамытып, оқытатын болады!

Анастасия
Қаржы
Өндіріс департаменті

Мен компанияға жұмысқа орналасқан кезде FoodMaster нарықта үлкен беделге ие болды және осы салада әлі де жетекші позицияны ұстап келеді. Осындай қызықты тарихы бар компанияда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Маған компанияның құндылықтарын оқуға берді. Құндылықтар жүрегіме жақын болды, олар менің ішкі нанымыммен ұштасқан соң осы командаға қосылуға шешім қабылдадым. Өз жолымды 1998 ж. өлшеп салушы қызметінен бастадым, 1999-2003 жылдары балмұздақ, йогурт және ферменттеу цехтарында аппаратшы болып жұмыс істедім. 2003 жылы зертханашы-химик, келесі жылы - Сүзбе цехының технологы болып ауыстым, 2007 жылы Аға технолог болып тағайындалдым, ал 2013 жылдан бастап Сүзбе цехының бастығы қызметін атқарамын. Жұмыстағы сүйікті ісім - өнім өндіру және қызметкерлерді оқыту. Өндіру - бұл ешқашан жалықтырмайтын жұмыс түрі, өйткені әр өндіріс сайын дағды мен тәжірибе жинақтай отырып, өнімді жақсартатын параметрлер іздеу қажет. Содан кейін бұл дағдыларды жас мамандарға үйретесің. Барлық жаңадан келгендерге тілерім: жаңа идеялар ұсыныңыз, компанияның құндылықтарын бағалаңыз, көбейтіңіз, дамытыңыз! Сонда табысқа жетесіз!

Гульнара
Өндіріс
Сапа департаменті

Оқуды бітіргеннен кейін мен өндірістік салада даму, ең алдымен өз білімімді қолдану мен жаңа ақпарат алу мүмкіндігін іздедім. FoodMaster компаниясында тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы білген сәтте мен тамақ өнеркәсібін таңдаудың дұрыс-бұрыс болғанына күмәнданғанымды мойындаймын. 2019 жылдың басында тағылымдамамды бастағаннан кейін маған жұмыс атмосферасы мен зауытта жұмыс істейтін қызметкерлердің мейірімділігі қатты әсер етті. Индустриалды ротация бағдарламасы кезінде мен Сапаны бақылау мен зертхана бөлімінде, содан кейін Сүзбе цехында Үрдіс маманы болып жұмыс істедім. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін мен Сапа жүйесінің менеджері болып тағайындалдым, енді мен Зертхана меңгерушісі қызметін атқарамын. Менің ойымша, әр адам үшін жұмыстың ең сүйікті сәті - бұл қалаған нәтижеге жеткен немесе алдыға қойған мақсатқа жеткен сәт. Қазіргі уақытта біздің өнімдерімізді таңдайтын әрбір тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесе отырып, сапаны бақылау бөлімінде және зертханада жұмыс істегенді ұнатамын. FoodMaster-Lactalis дамығысы келетін барлық жаңа қызметкерлерге үлкен деректермен жұмыс жасау кезінде талдамалық дағдыларды дамытуды ұсынар едім, өйткені бұл міндетті түрде бағаланады. Сонымен қатар кез келген компания еңбекқорлық пен жауапкершілік сияқты адами қасиеттерді бағалайды.

Виталий
Зертхана
IT
департаменті

Менің FoodMaster-Lactalis компаниясындағы мансабым 2014 жылы Астана қ. филиалында Жүйелік әкімші ретінде басталды, мен Астана қ. филиалына және компанияның жақын филиалдарына қолдау көрсеттім. 2017 жылы басшылық Алматыға көшіп, бас кеңседе Аға жүйелік әкімші ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Мен тек Қазақстанда ғана емес, Ресейдегі жобаларға да белсене қатыса бастадым. Маған іссапарлар кезінде жұмыс пен саяхатты біріктіру мүмкіндігі ұнайтын. FoodMaster - Lactalis - бұл ірі компанияда жұмыс істеуге және дамуға керемет мүмкіндік! Менің жаңадан келгендерге кеңесім - жұмыс үрдісін оңтайландыруға көмектесетін идеяларды ұсынудан қорықпаңыз.

Андрей
Ақпараттық технологиялар
Коммерциялық
департамент

2005 жылдан бастап мен Павлодар қ. «Сүт» АҚ-та сауда өкілі ретінде жұмыс істей бастадым. 2 жыл нәтижелі жұмыс істегеннен кейін жаңа кезең - супервайзер қызметін атқардым. 2009 жылы FoodMaster-Lactalis компаниясы «Сүт» АҚ зауытының үлесін иемденген соң жұмыс туралы ұсыныс түсті. Менің FoodMaster-Lactalis компаниясындағы (Павлодар қ.) еңбек жолым 2009 жылы супервайзер лауазымынан басталды. Осы қызметте жұмыс істеп, үйрене жүріп, мен бұл Компанияның маған ұнайтынын түсіндім. Бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге деген талпынысым артып келеді. Мен сүт өнеркәсібі технологы деген мамандық иесі болатынмын, бірақ коммерциялық бағытта қосымша білім алуым керек екенін түсіндім. Сонда саудагер болу үшін Мәскеу академиясына оқуға түсемін деп шешім қабылдадым. 2012 жылы «Менеджмент. Бизнес-жобаларды басқару» бағыты бойынша академияға түстім. 2013 жылы мен Павлодар қ. филиалының директоры қызметіне тағайындалдым. 2015 жылы филиал директоры болып жұмыс істеген кезде мен «Сүт» АҚ зауытының Басқарма төрағасы болып тағайындалдым. FoodMaster Lactalis компаниясына жаңадан қосылған жандарға менің кеңесім: «бүгін басқалар жасамаған жұмысты жаса, ертең басқалар өмір сүре алмайтындай өмір сүресің».

Светлана
Коммерция