Біздің зауыттар
Бұл жоғары сапалы отандық йогуртті Қазақстан нарығына шығарған алғашқы кәсіпорын. Бүгінде заманауи жоғары технологиялық зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы.
1998 жылы әлемге әйгілі шведтік «Тетра Пак» компаниясының жоғары технологиялық желілерінде ультрапастерленген сүтті өндіру бойынша Қазақстандағы тұңғыш зауыт кәсіпорынның құрамына кірді.
2010 жылы зауытта халықаралық тәуекелдер мен қауіпті орындарды талдау жүйесі (ХАССП) енгізілді.
Зауыт 31 фермерлік шаруашылық пен 7 сүт жинау пунктінен сүт қабылдады.
Кәсіпорын өнімдері барлық халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Өндірілген өнім ассортименті мен көлемі үнемі өсуде.
Зауыт тұрақты түрде тәулігіне 100 тоннаға жуық табиғи сүт өнімдерін өндіреді. Зауытта 120-дан астам адам жұмыс істейді.
Кәсіпорын Түркістан облысы тұрғындарынан күн сайын сүт жинаумен айналысатын 16 фермерлік шаруашылықпен және 16 жеткізушімен жұмыс істейді.
FoodMaster компаниясы кәсіпорынды қайта құруға жаһандық инвестиция салды, енді өндіріс желілері компанияның барлық зауыттарындағыдай сақтау мерзімі ұзақ табиғи және сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда «ФудМастер – Павлодар» зауыты автоматтандырылған өндіріс үрдістері мен сапаны бақылаудың көп сатылы жүйесі енгізілген және сәтті әрекет ететін ең заманауи сүт өндірісі алаңдарының бірі болып саналады.
Өнім өндіруге арналған сүт Павлодар зауытына 31 фермерлік шаруашылық пен 13 сүт қабылдау пунктінен жеткізіледі.
Біздің фермалар
FoodMaster компаниясында Алматы және Павлодар облыстарында орналасқан екі ірі тауар-сүт фермалары бар. Бұл — компания инвестицияларының арқасында дамып, мал басын көбейтіп жатқан екі заманауи сүт кешені. Бүгінгі таңда фермалардағы бір сиырдан алынатын орташа сүт сауымы жылына 6 200 литрді құрайды, бұл республикалық орташа статистикалық көрсеткіштен 1,5 есе жоғары.
6 200