Лактозаның ішінара немесе толық төзімсіздігі проблемасы қазақстандықтардың 30 пайызы үшін өзекті болып табылады. Ж...
Дүкеннен сүт өнімдерін таңдаған кезде қаптамада көрсетілген оның жарамдылық мерзімін тек еріншек адам ғана тексермейтін шығар. Көпшіліктің пікірінше, сақтау мерзімі аз өнімдер ең табиғи әрі пайдалы, ал 5 күннен артық сақтау мүмкіндігі алаңдатады. Осылай ойлауға негіз бар ма? Жарамдылық мерзімі қандай көрсеткіштерді ескереді?
Сүт неге ашиды?
Сиыр сауу мен сүтті зауытқа қабылдау мерзімінің уақыт аралығы неғұрлым ұзақ болса, сүттегі бактериялар көбейіп, сүт қышқылы артады, сөйтіп қышқылдық көрсеткіші көтеріледі.
Термиялық өңдеуден өтпеген шикізатта қысқа уақытта лактозаны сіңіріп, сүт қышқылын бөлетін бактериялар көбейеді. Соның салдарынан сүт ашып кетеді.
Ал егер шикізат балғын болып, қышқылдық жоғары болса, өндірушілердің санитарлық режимінде бұзылушылықтардың бар-жоқтығына алаңдау керек. Көптеген зауыттарда қышқылдық көрсеткіші жоғары сүт жарамдылық мерзімі аз өнімдерді өндіруге арналған шикізатқа айналады.
Бар ықыласымыз қаптамада!
Өнімді сақтау мерзімі қаптамаға да байланысты. Мысалы, тетрақалташа қаптамасының көп қабатты және герметикалылығы сияқты ерекше құрылымының арқасында сүт ұзағырақ сақталады.
Шын мәнінде, тіпті табиғи сүтті сақтау мерзімі бір аптадан артық болуы мүмкін! Бұл шикі сүтті қалай өңдегеніне, оны зауытқа қаншалықты жылдам жеткізгеніне, қалай қаптағанына байланысты. Сүт өнімдерінің сақтау мерзімінің аз болуы оның табиғи екендігінің жалғыз ғана көрсеткіші емес екенін білдіреді. Сондықтан да сақтау мерзімінің 20 күннен артық болуы әрдайым сүт өнімдерінде консерванттардың немесе табиғи емес ингредиенттердің бар екенін білдірмейді.