PRÉSIDENT Gastronomique қышқыл сарымайы барлық сапа стандарттарын сақтай отырып, түпнұсқа француз рецептісі бойынша өндіріледі. Май таңдаулы кілегейге сүтқышқылды бактериялар ұйытқысын қосу арқылы дайындалады. Аздап қышқыл кілегейлі дәмі бар. PRÉSIDENT Gastronomique сарымайының ерекшелігі — аспаздық және кондитерлік рецептілердің кез келген түрімен мінсіз үйлеседі. Өндіріс технологиясының арқасында сарымайдың құрылымы жұмсақ әрі біртекті, ол оңай жағылады және пісірмелер дайындауға қолайлы өнім. PRÉSIDENT Gastronomique сарымайы — асханадағы кәсіби мамандар үшін таптырмайтын өнім. Сарымай таза табиғи, құрамында өсімдік майлары жоқ.