Бұл йогуртті ежелгі гректерге Зевс Құдайдың өзі жіберген деседі. Оның ғажайып дәмін татқан кезде бұл тағамның шынымен де, жер бетінде дайындалмағанын сезесіз. Қалай болғанда да, грек йогуртін адамзат тарихының бастауында пайда болған ең алғашқы йогурттердің бірі деп санауға болады.
FoodMaster Грек йогуртін классикалық рецептура бойынша тек ең сапалы сүттен дайындайды. Ақуыз, кальций, дәрумендер және пайдалы микроорганизмдерге бай йогурт кәдімгі йогурттермен салыстырғанда қою әрі кілегейлі, сергітетін дәмімен ерекшеленеді. Бұл дәм бүкіл әлемнің көңілінен шықты. Оның танымалдығы артып келеді. Қазіргі уақытта йогурт тек ерекше дәмді тағам ретінде ғана қарастырылмайды. Тығыз консистенциясы мен ерекше құрамының арқасында грек йогурті аспаздыққа арналған әмбебап тағамға айналды. Аспаздар оны ерекше бағалайды. Ол жидектер, жемістер немесе көкөністер болсын, кез келген ингредиенттермен керемет үйлеседі. Сондай-ақ қаймақ, сарымай немесе ірімшікті алмастырып, күрделі ыстық тағамдарды дайындауға да қолданылады. Бұл бірегей өніммен жақынырақ танысыңыз. Одан да қызықты болу үшін FoodMaster Грек йогуртінің әр дәмінің астында сізді «ерекше» рецептілер күтеді.