Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьен мырза павлодарлық «ФудМастер» компаниясының зауытында болып қайтты

26.06.2015 14:50

2015 жылғы 10 маусым, Павлодар облысы, Павлодар қ. Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Франсис Етьен мырза Республикамыздың сүт секторындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорны – Lactalis француздық компаниялар тобына кіретін «ФудМастер» компаниясының зауытында болып қайтты.   Өндірістің анағұрлым заманауи және қауіпсіз әдістеріне инвестициялар құюға негізделген Lactalis компаниясының біртұтас халықаралық саясатының арқасында «ФудМастер» өнімдері бүгінгі күні барлық халықаралық сапа нормаларына сай келеді. Lactalis компаниясы табысының маңызды шарты шығарылатын өнімдерінің сапасын бақылаудың меншік жүйесі және олардың тек қана табиғилығы болып табылады.

Франциялық ресми делегация Павлодар қаласына және Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Әріптестіктің алдағы уақыттағы келешегін талқылау мақсатында Елші мырза кездесулердің саяси, білім беру және экономикалық үш блогын өткізді. Етьен мырзаның Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен, Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауовпен, облыс Мәслихатының депутаттарымен, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің басшылығымен, мектеп директорларымен және француз тілінің оқытушыларымен, сондай-ақ француз капиталы мен кәсіпкерлерінің қатысуымен облыс кәсіпорындарының басшыларымен жұмыс кездесулері өтті.

Кездесулердің экономикалық блогының аясында Елші мырза «ФудМастердің» инвестициялық бағдарламасымен танысты. Lactalis тобының Қазақстан нарығына келген сәтінен құйылған инвестицияларының жиынтық көлемі  9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде соңғы 3 жылда  5 млрд. теңге инвестиция құйылды.

Біз бүкіл дүние жүзінде жоғары бағаланатын сүт өндірісінің франциялық дәстүрлерін қазақстандық өндіріске енгізе алатынымызды және ең жоғары сапа стандарттарына сай келетін «Қазақстанда жасалған» жаңа сауылған табиғи сүт өнімдерін ұсынатынымызды мақтан етеміз, – деп атап өтті Францияның Қазақстандағы елшісі  Франсис Етьен мырза.  

Павлодар сүт зауытының тарихы 1937 жылдан бастау алады, ал оның «қазіргі заман» тарихы – «Сүт» АҚ «ФудМастер – Лакалис» құрамына кірген кезден, 2009 жылы басталады. Содан кейін кәсіпорын бірден франциялық мамандардың басшылығымен өндірістік қуаттарын модернизациядан және қайта құрудан өткізді және сол кезден бастап жыл сайын өндірістік кешеннің өзін де, шығарылатын өнімін де, сапаны бақылау жүйесін, кадрларды дайындау және дистрибуцияға деген көзқарасын жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастырып келеді. Павлодар зауыты Қазақстанның орталық, солтүстік және батыс өңірлерін бірінші сыныпты сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.

– Компания сапаға,  шығарылатын табиғи сүт өнімдеріне жоғары талаптар қояды, сол себепті өндірістік қуаттарға да, шикізат базасының: меншік фермалары мен Қазақстан бойынша сүт қабылдау пункттері желісінің дамуына да инвестициялар құяды. Осылайша екінші жыл қатарынан маусым айында біздің зауытымыз сүт жинау бойынша өз рекордтарымызды асырып отырамыз – біз күнделікті 180 тоннаға дейін жоғары сапалы сүт қабылдап, өңдейміз, – деп көрсетті «ФудМастер Қазақстан» компаниясының бас директоры Арман Алдабергенов, – сонымен қатар тәуелсіз зерттеу компаниясының деректері бойынша біз сауда көлемі, нарық үлесі және өндіріске инвестициялар құю ауқымы бойынша Қазақстанның сүт нарығындағы барлық өндірушілер мен импорттаушылардың арасында талассыз көшбасшы болып саналамыз.   

«ФудМастер» компаниясының Қазақстанда үш өндірістік алаңы, екі меншік тауар-сүт фермасы, Қазақстанның 18 қаласында дамыған сауда филиалдарының желісі бар. Жұмыскерлер ұжымында 1800 астам адам жұмыс істейді. 200 астам сүт өнімдері атауының кең желісінің өндірісі мен функционалды азық-түлік әзірлеу кезіндегі тұрақты инновациялардан басқа, компания Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын дамытумен, атап айтқанда, сапасы жоғары сүт өндірумен және жинаумен айналысады.  Екі меншік тауар-сүт фермаларымен қатар “ФудМастер” бүкіл Қазақстан бойынша компанияның арнайы салқындатқыш танктерімен жабдықталған және ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті дамытуды қолдау ретінде  ақысыз негізде тапсырылған 180 сүт қабылдау пункттерінен сүт жинайды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Алена Бируляға + 7 (727)2446000 (2616),  +7 701 955 5570 телефондары бойынша немесе alena.birulya@foodmaster.kz  press@foodmaster.kz  электронды жәшігі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.