ФудМастер кефирі және Био-С ұйыған сүті — жаңа қаптамадағы бірегей дәстүрлі рецептура.

Компания үшін дамудың жаңа кезеңі – бұл өзгерістер мен алға қарай жылжу. 2017 жылдың соңында Қазақстан супермаркеттерінің сөрелерінде ФудМастер компаниясының жаңа қаптамадағы өнімдері пайда болды. ФудМастер логотипінің суреті ғана емес, сондай-ақ  ФудМастер кефирінен бастап Био-С ұйыған сүтіне дейінгі негізгі азық-түлік желісіндегі қаптамалардың дизайны өзгерді.

 

Қаптаманың қанық түстері ФудМастер өнімдеріне бұрынғыдан да керемет көрік бере түсті, дүкендегі сөрелерден оларды бірден байқауға болады. Жалпы алғанда, ФудМастердің 60-қа жуық өнімі жаңартылды. Жарқын әрі заманауи қаптама біздің бірегей брендіміздің сипатын дәл беріп, көштен қалмай, ілгері жүруге ұмтылдырады.

 

ФудМастер кефирі нарыққа шығарылған күннен бастап Қазақстан нарығында озық орындарды иеленіп келеді. 1995 жылдан бастап өнім бүкіл отбасының көңілінен шыққан және оны бәрі таңдайды. Сондықтан да дәстүрлі рецептура өзгеріссіз қалған, өндірген кезде бұрынғыша тек сүт пен ұйытқы қолданылады.

 

Жаңа дизайн қарапайым және табиғи құрамын ерекше етіп көрсетуге арналған және брендтің заманға сай дамуға деген ұмтылысын білдіреді.

 

Био-С — ваниль және С дәрумені қосылған қою сүтқышқылды сусын (ұйыған сүт), алғаш рет нарыққа 1999 жылы шығарылған, сұйық йогурттер нарығының көшбасшысы атанып, тұтынушылардың сүйікті өнімдерінің тізіміне енген.

 

Био-С құрамында  L.Rhamnosus Immunalis лактобактериялары бар. ФудМастер ұсынған  Био-С иммунитетті нығайтып, өмірден толыққанды рақат алуға мүмкіндік беретіні клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Сондықтан да біз оны «Иммунитеттің ең жақын досы» деп сенімді түрде айта аламыз.

 

Уақыт сынынан өткен дәстүрлерді жалғастыра отырып, біз табиғи ингредиенттерге негізделген бірегей рецептті сақтап қалдық, оны жарқын әрі сәнді қаптамамен ерекшеледік. Сол бұрынғы сүйікті Био-С енді жаңа, күншуақты қаптамада, бұл иммунитетіңіздің қашанда қорғаныста екенін, ал өміріңіздің жарқын әрі қанық болатынын білдіреді!